Руководитель

Басқарма басшысы

Құрметті сайт қонақтары!  Біз Сізді «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің сайтында қарсы алғандығымызға қуаныштымыз!

Біздің басқарманың негізгі міндеттері:  Маңғыстау облысының аумағында тұрғын үй қатынасындағы, сумен жабдықтау, су бұру, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін  арттыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және  Маңғыстау облысының әкімін осы саладағы жиынтық ақпаратпен қамтамасыз ету;   Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды облысты дамыту бағдарламасына енгізу, өзінің құзіреттілігі аясында мемлекеттік кәсіпорындармен энергия тұтыну нормативтерін сақтауға мониторинг жүргізу болып табылады.  Біздің сайтта барлығы біз қабылдайтын нормативтік-құқықтық құжаттар, оның құрылымы, атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпараттарға еркін қол жеткізіп, өздерінің ұсыныстарын енгізе алады.  Біздің сайтта орналастырылған ақпарат тұрақты түрде толықтырылатын және жаңартылатын болады, ол мұқтаж адамдарға көмегін тигізеді.